Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4>

8 Қараша 2019 2019, 12:55
АВТОР
 8 Қараша 2019 2019, 12:55
8 Қараша 2019 2019, 12:55
2101

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері Қазақстан территориясы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық фронттардың жылжуымен көптеген облыста жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ және тұманды ауа райы болады. Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта тасымалдануы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массаларының келуімен республика бойынша күн суытады деп болжануда.



Наверх