Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

4 Наурыз 2022, 11:15
1257
Бөлісу:
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері циклон, Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі.

Соның әсерінен 5 наурызда батыста және оңтүстік өңірдің біраз бөлігінде, 6 наурыз күні елдің солтүстік жартысы мен орталығында,  қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, желдің күшейіп, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы