Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері циклон, Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі.
Соның әсерінен 5 наурызда батыста және оңтүстік өңірдің біраз бөлігінде, 6 наурыз күні елдің солтүстік жартысы мен орталығында, қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, желдің күшейіп, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп болжанып отыр.