Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашынды болады. Солтүстік-батыс циклон еліміздің аумағы арқылы өз қозғалысын жалғастырады.
Батыстан шығысқа қарай жылжып, әсерінен республиканың барлық облысында жауын-шашынды болады. Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел соғады, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.