Демалыс күндері жауын-шашынды болады

11 Қыркүйек 2021, 09:35
1009
Бөлісу:
Демалыс күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. 

Республиканың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. 

Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Павлода облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с жетелі. 

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, батыс және оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетпек. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, солтүстік-батысында найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы