Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте ауқымды антициклонның әсеріне еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Оның соңынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклоны жылжып, соның әсерінен 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар жауып, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар жауып, желдің күшейіп, көктайғақ болады.
Еліміздің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп болжанып отыр.
батыста түнде -5...+5 дейін, күндіз +2...+13 дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 дейін, күндіз -8...+ 2 дейін, орталықта, шығыста түнде -8...-17, күндіз -1...-10, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 дейін жылы болады.