Демалыс күндері күн аяз болады

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 13-15 наурыз&nbsp;күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4> <p> </p>

12 Наурыз 2021 2021, 11:30
АВТОР
 12 Наурыз 2021 2021, 11:30
12 Наурыз 2021 2021, 11:30
1470

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 13-15 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүкіл кезең бойы Қазақстан аумағының басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететін болады, ол аязды ауа райына, негізінен жауын-шашынсыз ауа райына себепші болады. 

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның басып кіруі ауа температурасының төмендеуін ғана емес, жауын-шашын да әкеледі. 

Демалыс күндері жауын-шашынды (жаңбыр, қар), сондай-ақ бұрқасын, жел күшейіп, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерде тұман болады.

 



Наверх