Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

2 Желтоқсан 2022, 12:37
1210
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 3– 5 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады. Тек елдің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығысында тұман болады. 

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз болады.

Өзгелердің жаңалығы