Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

11 Қараша 2022, 13:16
4700
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алдағы демалыс күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне кезекті Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер етеді.

Соның салдарынан жауын-шашынды болады, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр аралас қар жауу ықтималдығы басым.  

Республика бойынша тұман түсіп, елдің көп бөлігінде көктайғақ болып, боран соғады. Сондай-ақ желдің екпіні 15-29 м/с жетеді. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде 12-13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер бола қоймайды.

 

Өзгелердің жаңалығы