Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Соның салдарынан ауа температурасы 33-38-ге дейін, кей жерде 43 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауады.
31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады.
Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35-40 градус ыстық болады.