Демалыс күндеріне арналған ауа райы

13 Желтоқсан 2019, 13:01
2232
Бөлісу:
Демалыс күндеріне арналған ауа райы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 14-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуін әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды. Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температура төмендейді. Бірақ ол да ұзақ болмайды. Дүйсенбі 16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттардың жылжуымен, жауын-шашынды болып, ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың көптеген облысында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады, - делінген хабарламада.





Өзгелердің жаңалығы