Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттар республиканың батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын және ауа температурасының төмендеуін үсікке дейін жеткізді.
Ал демалыс күндерінде олардың ықпалынан Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады.
Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 градустық ыстықтан кейін дүйсенбі күні термометрдің сынап бағанасы күндіз тек плюс 12…18°С көрсетеді.