Дельта нұсқасын жұқтырған кезде жөтел болмайды және дене қызуы көтерілмейді - жалған ақпарат

30 Тамыз 2022, 18:25
1412
Бөлісу:
Дельта нұсқасын жұқтырған кезде жөтел болмайды және дене қызуы көтерілмейді - жалған ақпарат

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар SARS-CoV-2 вирусының Дельта нұсқасын жұқтыру белгілері туралы ақпаратпен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, бұл патоген мутациясы жөтел мен дене температурасының көтерілуіне әкелмейді екен. Бұл олай емес.

Дельта нұсқасын жұқтырған кезде жөтел болмайды және дене қызуы көтерілмейді - жалған ақпарат

Альфа және Дельта нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың алғашқы белгілерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Олардың ішіндегі ең бастысы, Альфа нұсқасын жұқтырған кезде, пациенттерде иіс сезу және дәм ажырата білу қабілеті жоғалуы мүмкін. Оклахома университетінің дәрігері және ерікті оқытушысы Джордж Монкс жазғандай, Дельта нұсқасын жұқтырғанда мұндай жағдай өте сирек болады. Дельта нұсқасын тудыратын негізгі белгілер – бұл жөтел және қызудың көтерілуі. Бұлшықеттер мен буындар ауырсынуы кейін болуы мүмкін немесе мүлдем болмайды. 

Сондай-ақ хабарламада Дельта нұсқасының бұрыннан белгілі мутацияларға қарағанда өкпеге тез енетіні айтылған. Бұл да дұрыс емес. Шын мәнінде, Дельта нұсқасы бұл жағдай бірдй уақытта болады. Бірақ Дельта плюс нұсқасы көп зиян келтіруі мүмкін. Спайк-ақуыздың ерекше құрылымына байланысты бұл мутация өкпе тініне тез әсер етуі мүмкін.

Осы фактологиялық қателерге қарамастан, хабарламада келтірілген аурудың алдын алу жөніндегі ұсынымдар дұрыс деп айтуға болады. Сондай-ақ ауру жұқтырған жағдайда оның ауыр ағымының алдын алудың ең жақсы жолы COVID-19 қарсы вакцинация болып саналады. 

Қорыта айтқанда, таралған ақпаратта COVID-19 белгілерінің сипаттаммасында қателіктер жіберілгені аныық және оған толық сенудің қажеті жоқ. Жөтел және дене температурасының жоғарылауы аурудың Дельта нұсқасын да, SARS-CoV-2 коронавирусының басқа нұсқаларын да жұқтырғанда болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы