Делиде ауа ластануы қауіпті деңгейге жетті

Мамандар PM2.5 ұсақ бөлшектерінің көбеюі әсіресе балалар мен қарттардың денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.

 depositphotos.com 5 Қараша 2026, 05:18
5 Қараша 2026, 05:18
70
Фото: depositphotos.com

Үндістан астанасы Делиде ауа сапасының индексі 377-ге жетіп, «өте нашар» деңгейге көтерілді. Осыған байланысты билік ластануға қарсы шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды BBC.

Ауаның нашарлауына көлік пен өнеркәсіп шығарындылары, құрылыс шаңы, желдің бәсеңдеуі және көршілес штаттардағы егін қалдықтарын өртеу әсер еткен. Мамандар PM2.5 ұсақ бөлшектерінің көбеюі әсіресе балалар мен қарттардың денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.

Билік көшелерді тазалау жұмыстарын күшейтіп, тұрақ ақысын көтерді және қоғамдық көлік қатынасын кеңейтті. Дели метросы жұмыс күндері қосымша 20 рейс енгізді.

Алдағы Дивали мерекесінде отшашулардың қолданылуы ауаның ластануын одан әрі арттыруы мүмкін. Осыған байланысты Үндістан Жоғарғы соты 7 және 8 қарашада сертификатталған экологиялық отшашуларды тек белгіленген уақыт аралығында пайдалануға рұқсат берді. Ауруханалар мен мектептер маңындағы 300 метр аумақта отшашуға тыйым салынды.

Ауаның ластануы Мумбайда да тіркелген. Қалада 24 қазанда ауа сапасының индексі 322-ге жеткенімен, соңғы күндері 89-ға дейін жақсарған.

Наверх