Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Декретке шығатын әкелерге ұнайтын өзгеріс енгізіледі

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Енді декреттегі әкелердің құқығы әйелдерден кем болмайды. Мәжіліс екінші оқылымда қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік кодекске жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкелердің жас балаларды күту уақыты еңбек өтіліне есептелетінін нақтылайтын өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов декретке шыққан әкелерге төлем қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берген еді.

Өзгелердің жаңалығы