ДДСҰ басшысы пандемияның қашан тоқтайтынына болжам жасады

21 Шілде 2021, 10:48
5303
Бөлісу:
ДДСҰ басшысы пандемияның қашан тоқтайтынына болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер 2021 жылдың аяғына дейін әр ел халқының 40%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алса, онда әлем пандемияны тоқтата алады. Мұндай болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы  Тедрос Аданом Гебрейесус Токиода Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Халықаралық валюта қорымен, Дүниежүзілік банкпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен бірге осы жылдың қыркүйегіне дейін әр ел халқының кем дегенде 10%-ын, осы жылдың соңына дейін халықтың 40%-ын және келесі жылдың ортасына қарай 70%-ын вакцинациялауға шақырдық. Егер біз осы көрсеткіштерге қол жеткізе алсақ, біз пандемияны тоқтатып қана қоймай, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтіре аламыз, - деді Гебрейесус.

Сонымен қатар ДДСҰ басшысы коронавирус неғұрлым көп таралса, дельтадан да қауіпті түрі шығуы мүмкін екенін ескертті.

Түрі көп болған сайын, вакцинаның күші бәріне жетпеуі де мүмкін. Нәтижесінде біз пандемияның бастапқы кезіне қайта оралуымыз мүмкін. Пандемия – бұл әлем әлі жеңбеген сынақ, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы