ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерді індетке қарсы екпе алуға шақырды

27 Маусым 2021, 07:47
4616
Бөлісу:
ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерді індетке қарсы екпе алуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алғаш рет балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егуге болатындығын мәлімдеді. Ақпарат ұйымның сайтындағы жаңартылған нұсқаулықта айтылған. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Нұсқаулықта балалар мен жасөспірімдер коронавирусты ересектермен салыстырғанда жеңіл түрде өткізуге бейім екендігі айтылған.

Сондықтан, егер олар ауыр COVID-19 қаупі жоғары топта болмаса, оларды егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарағанда жедел түрде вакцинациялау керек, – делінген ДДСҰ сайтында.
Бұған дейін ұйым COVID-19 вакциналарының балаларға әсері туралы жеткіліксіз мәліметтер туралы айтқан, сондықтан балаларға вакцинациялауға кеңес бермеген.




Өзгелердің жаңалығы