ДДСҰ саммитінде «Рим шарты» талқыланды

6 Қыркүйек 2021, 15:41
2507
Бөлісу:
ДДСҰ саммитінде «Рим шарты» талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің дамыған мемлекеттері бүкіл әлемде COVID-19 вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығын мәлімдеді.


Италияда өткен G20 форумында Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі барысында мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау саммитінде қабылданған вакцинация туралы «Рим шарты» талқыланды. Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза әр мемлекеттің жауапкершілікті қолға алу тиіс екенін айтты.

Ең бай мемлекеттер СOVID-19-ға қарсы вакцинация науқанын және біздің жалпы індетке қарсы құралдарды кеңейту үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек, - деді ол.

Министрлерден басқа кездесуге Денсаулық сақтау саласындағы жетекші бейінді ұйымдардың және ДДСҰ өкілдері қатысуда.

Украинада соңғы тәулікте 773 адам індет жұқтырған

Украинада бір тәулікте 773 адам ковид инфекциясын жұқтырды. Сондай-ақ 457 адам сауығып, 18 пациент ауыр асқынудан қайтыс болды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 635 адам КВИ инфекция жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Жаңа жағдайлардың көпшілігі Киев (93), Черновцы (69), Одесса (63), Тернополь (61) және Львов (56) облыстарында тіркеліп отыр.

Айта кетейік, пандемия басталғалы Украинада 2 298 307 коронавирус жағдайы тіркелген. Оның ішінде 54 001 адам қайтыс болыа, 2 213 177 адам жазылып шыққан.

Германия пайдаланбаған вакцина дозаларын қайырымдылыққа жібереді

Германия билігі COVAX қайырымдылық бағдарламасы аясында дәрілік заттарға тең қол жетімділік бойынша барлық пайдаланылмаған AstraZeneca вакцинасының 3 млн дозасын дамушы елдерге жіберетіндерін мәлімдеді

Бірінші кезеңде 1,3 млн доза жөнелтіледі. Германия министрлер кабинеті шілде айының басында AstraZeneca және Johnson & Johnson препараттарының кем дегенде 30 миллион дозасын үшінші елдерге жіберуді бұйырды. SARS-CoV-2 вирусы пандемия басталғаннан бері планетаның 219 миллионнан астам тұрғынында анықталды, 4,5 миллионнан астам адам қайтыс болды. 84 миллион адам тұратын Германияда 3 984 353 COVID-19 фактісі анықталды.

АҚШ-та вакцинациялау қарқыны төмендеген

Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та ковид инфекциясын 40 миллионға жуық адам тіркелді. Ол «дельта» және басқа штамдардың таралуынан болып отыр. Қазіргі таңда елде індеттің төртінші толқыны өтуде. NBC News -тің соңғы мәліметтері бойынша, елде осы уақытқа дейін 40 млн адам инфекция жұқтырып, 651690 адам қайтыс болған.

Үдеріс вакцинаны 207 миллионға жуық америкалық салдырған кезде де тоқтаған жоқ. Керісінше, жұқтыру деректері көбейе түсті. Бүгінгі таңда 175 миллион адам толық вакциналанған.

Алайда, АҚШ-та шілде айынан бастап вакцинацияның қарқыны баяу. Осы уақытқа дейін штат тұрғындарының екпе алуы 70 пайыздан асқан жоқ. Денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, вакцинацилаудың қарқынды жүрген кезеңі сәуір айында болған. Ол кезде күніне 3 миллион адам індетке қарсы екпе салдырған.



Өзгелердің жаңалығы