ДДСҰ өкілі коронавирустың белгісіз симптомдарының көп екенін айтты

31 Шілде 2021, 13:50
2185
Бөлісу:
ДДСҰ өкілі коронавирустың белгісіз симптомдарының көп екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, ұзаққа созылатын коронавирустың 200-ден аса симптомы анықталған. 

Олардың ішінде ең жиі кездесетіні - ентігу, когнитивті дисфункция және шаршау. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Джанет Диас айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Қазір COVID-19 жұқтырып, ұзақ уақыт ауырған адамда ентігу, дисфункция, сондай-ақ шаршау байқалады. Бұл ең көп таралған үш симптом. Алайда іс жүзінде пациенттерде 200-ден аса белгі анықталған. Сондықтан тізім өте ұзақ, - деді Диас онлайн бағдарлама барысында.

Ол кейбір мәлімет бойынша бұл белгілер үш-тоғыз айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. 

Диастың айтуынша, вирус жұқтырып, жазылғаннан кейінгі синдромы бар науқастарға дәрігерлер, психологтар және әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгінуге тура келеді.

Нақты емдеуге келетін болсақ, оның емі әлі жоқ. Себебі нақты зерттеу жоқ. Біз аурудың дамуының нақты себебі немесе механизмі туралы көбірек біле отырып, арнайы ем тағайындауға қауқарлы боламыз деп үміттенеміз, - деп түсіндірді ДДСҰ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы