ДДСҰ: маймыл шешегінің өршуіне климаттың өзгеруі әсер етті

4 Маусым 2022, 01:36
1329
Бөлісу:
ДДСҰ: маймыл шешегінің өршуіне климаттың өзгеруі әсер етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маймыл шешегінің таралуын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы климаттың өзгеруімен байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ғалымдардың тағы бір болжамы бойынша медициналық құрал-жабдық қалдықтары дұрыс жойылмағандықтан ауру етек жайып бара жатыр. Маймыл шешегінің өршуі жаһандық климаттың өзгеруімен тікелей байланысты. ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар бойынша бағдарламасының директоры Майкл Райан осылай деп мәлімдеді.

Маманның айтуынша, ауа райының өзгеруінен, әсіресе, қуаңшылық кезінде жануарлар мен адамдардың мінез-құлқы өзгереді. Ал бұл құбылыс жануарларға тән аурулардың адамдарға жұғуына әсерін тигізеді.

Маймыл шешегі адамдар арасында тез тарап барады. Індет жыл сайын Африка елдерінде тіркелетін. Алайда биыл вирус Еуропа елдерінде етек жайып барады. Аурудың өршуі экологиямен тікелей байланысты. Адамдар мен жануарлардың мінез-құлықтары өзгеріп жатыр. Климаттық дағдарыс, әсіресе, қуаңшылықтан болатын күйзелістен астық табу үшін адамдар мен мақұлықтардың іс әрекеттері өзгеріп жатыр. Климаттың өзгеруінен өзге де аурулар таралуы мүмкін. Әдетте сүтқоректілер мен құстар арқылы тарайды, - деп мәлімдеді ДДСҰ төтенше жағдайлар бойынша бағдарлама директоры Майкл Райан.

Өзгелердің жаңалығы