ДДСҰ COVID-19-дың қазаннан бергі ең төмен көрсеткішін тіркеді

16 Ақпан 2021, 14:29
1055
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-19-дың қазаннан бергі ең төмен көрсеткішін тіркеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы бойынша көрсеткіш бесінші апта қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді, деп жазады interfax.ru.

Қазір әлемде COVID-19 оқиғаларының саны бесінші апта қатарынан азайып келеді. Өткен аптада қазан айынан бастап апталық жағдайлардың ең аз көрсеткіші анықталды, - деді ДДСҰ бас директоры брифинг барысында.

Ол инфекцияның жаңа жағдайларының апталық саны 2021 жылдың 4 қаңтарындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 50%-дай қысқарғанын айтты.

Бұл вирустың жаңа түрлері пайда болған күннің өзінде қарапайым қауіпсіздік  шараларының жұмыс істейтінін көрсетеді, - дейді Гебрейюс.

Пандемия басталғалы бері әлемде 109 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, 2,4 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы