ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар біз ойлағаннан да көп

22 Мамыр 2021, 11:30
2790
Бөлісу:
ДДСҰ: COVID-19-дан қайтыс болғандар біз ойлағаннан да көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл бұрын күллі әлемді әбігерге салған коронавирустың зардаптары мен шығындарын есептеу әлі қисынсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүние жүзі COVID-19-дан құтылған жоқ. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейбір деректерге мән беруде. Мысалы, бүгінге дейін қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны туралы ақпарат айтыла бастады. Әлгі ұйым олардың саны 6 миллионнан сегіз миллионға дейін баруы мүмкін екенін ескертті. 

Бұл енді ресми статистиканы екі орап алатын мәлімет. Өйткені қазіргі таңда 3 млн 138 науқастың қайтыс болғаны тіркелген. Дүниежүзілік денсақтау ұйымы өлім-жітім себептеріне де үңілген. Әуелі олардың ағзасы толық зерттелмеген. Екінші бір сөзбен айтқанда COVID-19 негізгі ауруларына жанама әсер еткен. 

Ал қант диабеті, қан қысымынан және басқа да кең тараған ауру түрлеріне шалдыққандарға коронавирус қосымша соққы болған. Көптеген мемлекет шындықты бүркемелеу, нағыз деректі жасыру арқылы да ресми мәліметтің қате ұсынылуына жол берген. Қысқасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан қайтыс болғандар біз ойлағаннан көп екенін жоққа шығармайды.

Өзгелердің жаңалығы