ДДСҰ басшысы пандемия неге созылып кеткенін айтты

10 Желтоқсан 2021, 15:13
1329
Бөлісу:
ДДСҰ басшысы пандемия неге созылып кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының неге созылып кеткенін айтты.

Пандемияға қарсы әрекет ету тақырыбындағы дәрісте ДДСҰ басшысы 8 желтоқсанда «COVID-19-ға қарсы вакцина қолданылғанына» 1 жыл болғанын еске салды. Оның айтуынша, барлығы бір жылдан кейін пандемия аяқталатынына сенді, соған үміттенді. Алайда пандемияны аяқтау үшін вакцина, диагностикалық және емдік құралдар, басқа да маңызды құралдар тең бөлінбегендіктен, пандемия күткеннен әлдеқайда ұзақ уақытқа созылып кеткен.
«Омикрон» штамының пайда болуы жетістіктерімізге нұқсан келтіреді. Жаңа емдеу әдістерін әзірлеу COVID-19-дың алдын алуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бірақ миллиондаған адамды вакцинадан айырған жаңа құралдарға әділетсіз түрде қол жеткізе алмаймыз, – деп толықтырды ДДСҰ басшысы.
Гебрейесус ел үкіметтерін жаңа омикрон штамына қарсы ұлттық пандемия жоспарларын қайта қарауға, сондай-ақ, аурудың таралуын азайту және вакцинациямен қамтуды жеделдету бойынша шараларды күшейтуге шақырды.
Тағы қанша адамның өмірін жоғалтатынымыз бүкіл әлем бойынша вакцинаға, сынаққа және емдеуге әділ түрде қолжетімділікті қаншалықты жылдам қамтамасыз ете алатынымызға байланысты, – деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы