Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына жоғары баға берді.
Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі, – деп жазды Клюге Twitter-де.ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавирусқа қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:
- күшейтілген бақылау;
- тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
- зерттеудің жүргізілуі.