ДДСҰ: Адамзат коронавирусты 2022 жылдың соңына қарай еңсереді

22 Тамыз 2020, 10:03
1985
Бөлісу:
ДДСҰ: Адамзат коронавирусты 2022 жылдың соңына қарай еңсереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) басшысы коронавирусқа қарсы вакцина жасауға және инфекциямен күресте қолда бар құралдарды барынша пайдалануға үміт білдірді.

Адамзат коронавирустық инфекцияны 2022 жылдың соңына дейін жеңе алады. Бұл болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 21 тамызда Женевада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Егер ұлттық бірлік пен жаһандық ынтымақтастық болса, біз бұл пандемияға екі жылдан аз уақыт ішінде тоқтау қоямыз деп үміттенеміз, – деді ол.
ДДСҰ басшысы 1918 жылы басталған әлемдегі испан тұмауының эпидемиясы екі жылға созылғанын еске салды. 
Бірақ, жаһандану мен байланыстардың көп болуына орай вирустың таралу мүмкіндігі де жүз жыл бұрынғыға қарағанда жоғары. Сонымен бірге, бізде оны тоқтату үшін түрлі технология мен жеткілікті білім бар, – деді Гебрейюс. 
Ол коронавирусқа қарсы вакцина жасауға және инфекциямен күресте қолда бар құралдарды барынша пайдалануға үміт білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ COVID-19 екінші толқынының басталғанын атап өткен болатын. Аурудың өсуіне және коронавирустың жаңа толқынының басталуына жазғы демалыстар ықпал етті, – дейді ДДСҰ.
Өзгелердің жаңалығы