Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAZN News қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы бірінші жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
2017 жылдың қазан айында өткен жекпе-жекте төрешілер тең нәтиже тіркеген болатын. Дейв Моретти 115-113 есебімен жеңісті Головкинге берсе, екінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тең түсті деп шешті. Ал жекпе-жектен соң сынның астында қалған Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңіске Сауль Альварес ие болды деп жазған.
Араға екі жылдан астам уақыт салып DAZN жанкүйерлер мен сарапшылардың сынына ұшараған жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты. Бұл жолы жаңа төрешілер – Андреас Хейл, Марк Лелинвалла және Стивен Мюльхаузен тағайындалды.
Нәтижесінде үш төреші де Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альврестен басым болғанын айтып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.