Дайындық қарқынды жүріп жатыр

21 Қазан 2022, 18:20
1023
Бөлісу:
Дайындық қарқынды жүріп жатыр
Фото: автордан

Бұл туралы "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы республикалық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақын арада "Ауыл" Халықтық-демократиялықпатриоттық партиясының жарғысына сәйкес, саяси кеңес президиумымыздың шешімімен республикалық қоғамдық штаб құрылды. Штабтың басшысы міндеті маған жүктелді. Біздің штаб барлық 20 өңірде ашылады. Демек, 17 облыста, 3 республикалық маңызы бар қалада жұмыс істейміз. Сонымен қатар бүкіл ел аумағындағы 164 ауданда, 37 облыстық маңызы бар қалаларды да қамтимыз, - деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол қосымша штабтар да ашылады деп отыр.

Республикалық штабты қосқанда, қосымша штабтар да жұмысын бастайды. Онда 1154 адам жұмыс істейді. Өткен сайлауға қарағанда жұмыс істейтіндердің саны екі есе көп. Олар толығымен заң талаптарына сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. 1000-нан астам іс-шара жоспарланып отыр. Бір айдай уақыттың ішінде біздің үміткеріміз бүкіл Қазақстанды аралап үлгермейтіні анық. Сол үшін 10 мың сенімді өкіл қамтылады, - деді Төлеутай Рахымбеков.

Айта кетерлігі, сайлау күні осы сенімді өкілдер бақылаушы ретінде жұмыс істей алады.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 18.00-ден кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы