"Дауыс көтермеңіз". Бишімбаев жәбірленуші тараппен сөзге келіп қалды

18 Сәуір 2024, 16:06
1794
Бөлісу:
"Дауыс көтермеңіз". Бишімбаев жәбірленуші тараппен сөзге келіп қалды
VIDEO
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сотта әйелін өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаев жәбірленуші тараптың адвокаттарымен келіспей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев "Сіз ашуға булыққан кезде Салтанат дәретханада жиі жасырынып жүрді ме?" деп сұрақ қойды. Сұраққа Бишімбаев "маған дауыс көтермеңізші, өтінемін" деп жауап қайырды. Онымен қоса, судьяға қорғаушы тарапқа ескерту жасау керегін айтты.

Әйнегі бар есікті Айтым сындырды, басқа сынған ештеңе жоқ. Басқа есіктердің бәрі сынбаған, тұтқасы жабылып қалуы мүмкін. Тағы қайталаймын, бұл тек сіздің жорамалыңыз. Сіз өз түсінігіңізге байланысты сұрақ қойып отырсыз. Ал, Байжановтың айтқандарының бәрі 9 қараша мен 20 қазан күнгі оқиғалар, - деді Қуандық Бишімбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін сот процесінде дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы