Дауыс беруге арналған бюллетень қанша және қашан әзірленеді?

17 Мамыр 2022, 12:07
1957
Бөлісу:
Дауыс беруге арналған бюллетень қанша және қашан  әзірленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Орталық референдум комиссиясының отырысында айтты.

11 млн 839 мың 761 дауыс беру бюллетені дайындалуы керек. Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді белгіленген мөлшерде дайындау және заңнамада көзделген мезгілде облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен елордадағы референдум учаскелеріне тапсырылады. Бұл бойынша қаулы жобасы енгііліп отыр, - деді ол. 

Өз кезегінде ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров отырысқа қатысушыларды Мұхтар Ерман ұсынған қаулыны қабылдауды ұсынды. 

28 мамырға дейін дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау керек, - деді ол. 

Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы