Дауыс беру учаскесін сайлауға 30 күн қалғанға дейін өзгертуге болады

28 Қыркүйек 2022, 17:13
2159
Бөлісу:
Дауыс беру учаскесін сайлауға 30 күн қалғанға дейін өзгертуге болады
Фото: автордан

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлаушылар тізіміне қатысты ақпараттар айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста сайлаушылар өздері тұрғылықты жері бойынша өз учаскелеріндегі тізімдерге тіркелгендерін тексере алатыны туралы ақпарат берілді. Ал сайлаушының дауыс беру кезінде болатын жері өзгерген жағдайда жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш негізінде дауыс беру күніне дейін бір ай бұрын, яғни 20 қазанға дейін өзін тізімге енгізуі керек. Өйткені жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер, тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайды.

Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі. Дауыс беру күні өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ әр азамат дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей, тиісті әкімдікке өтініш беріп, қалаған жерінде дауыс бере алады, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Өзгелердің жаңалығы