Дауылға қатысты болашақтықтарға ескерту жасалды

Кеше, 09:49
258
Бөлісу:
Дауылға қатысты болашақтықтарға ескерту жасалды
Фото: bolashak.gov.kz

Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚШ-тағы "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына "Хелен" тропикалық дауылының Флорида шығанағы жағалауына жақындауына байланысты ресми хабарламамен жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 қыркүйекте Ұлттық дауылды бақылау орталығы (NHC) хабарлаған ең қатты тропикалық дауылдың жақындауына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы жағдайды қадағалап, аймақтағы стипендиаттармен үнемі байланыста. Флорида шығанағы жағалауында Дауыл 26 қыркүйекте болады деп күтілуде.

Флорида штатының төрт университетінде — Florida State University, University of Florida, University of South Florida және University of Miami — Қазақстаннан 31 стипендиат оқиды. Бұл оқу орындары уақытша жабылды. Барлық стипендиат қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етілді және жергілікті биліктің ұсыныстарын орындалуда, біздің кураторлар стипендиаттарымызбен байланыста, - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшысы Ляззат Тукушева.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Стипендиаттарды сақтық шараларын сақтауға және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуға шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы