Дауылды ескерту. Жел соғып, көктайғақ болады

19 Наурыз 2021, 20:45
1334
Бөлісу:
Дауылды ескерту. Жел соғып, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 20 наурыз күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында түнде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін. 20 наурыз күні түнде және таңертең, 21 наурыз тәулік бойы кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай қаласында көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінрде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Ал 21 наурызда кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады.

Көкшетау қаласында 20-21 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асуы мүмкін. 21 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қарағанды қаласында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Өзгелердің жаңалығы