Дауылдан шатыры жұлынып кеткен үйлерді кім қалпына келтіреді?

9 Тамыз 2023, 10:18
732
Бөлісу:
Дауылдан шатыры жұлынып кеткен үйлерді кім қалпына келтіреді?
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Теміртау мен Ақтау кентінде 10 көпқабатты үйдің шатыры бюджет есебінен қалпына келтіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Веедомство мәліметінше, Теміртау мен Ақтау кентінде бюджет қаражаты есебінен қатты желдің салдарынан зардап шеккен 10 көпқабатты үйдің шатыры қалпына келтіріледі. Жалпы зақымдалған аумақ шамамен мың шаршы метрді құрайды.

Ақтау кентінде жұмыс басталды. Онда сегізінші орамда № 32 бес қабатты үйдің шатыры қалпына келтіріледі.

Теміртауда мердігер компаниялар әзірге тек жұмыстарды бағалауда. Ауа райының қолайсыздығы кезінде 10 көп қабатты үй ішінара шатырсыз қалды.

Теміртауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Дауылды желдің салдарын жою үшін бюджет қаражаты есебінен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қатты желдің салдарынан зақымдалған ғимараттар мен тұрғын үйлер ғана жөндеуге жатады. Әзірге жедел штабқа 10 үйдің тұрғындары көмек сұрап, жүгінді, – делінген Теміртау әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде Теміртау мен Ақтау кентінде қатты жел екпіні салдарынан 10 көпқабатты тұрғын үй зардап шекті. Дауылды желдің жылдамдығы, Қазгидрометтің мәліметі бойынша, секундына 32 метрге жеткен.

Бұдан бөлек 29 шілдеде Батыс Қазақстанда қатты дауылдың салдарынан бір көлікті ағаш басып, бір үйдің шатырын жұлып кетті.

Өзгелердің жаңалығы