Батыс Қазақстанда қатты дауыл шатырларды жұлып кетті

31 Шілде 2023, 03:20
560
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда қатты дауыл шатырларды жұлып кетті
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстанда қатты дауылдан ағаштар құлап, көлік пен үйді қиратып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дауылдың салдарынан бір көлікті ағаш басып, бір үйдің шатырын жұлып кетті.

29 шілдеде сағат 15:54-те Орал қаласы Гагарин көшесінде ағаш құлап, көлікті басып қалды. Жүргізуші көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында қатты дауыл бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын жұлып кетті, - дейді ведомство.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Өзгелердің жаңалығы