Дәурен Темірбеков қаржы вице-министрі болып тағайындалды

1 Қыркүйек 2022, 21:01
733
Бөлісу:
Дәурен  Темірбеков  қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Дәурен Оденұлы Темірбеков Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдейді.

Дәурен Темірбеков 1986 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақстан Халықтар Достығы университетін, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттің қатысуымен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметін талдау басқармасы маманының м.а.қызметінен бастаған.

2008-2009 жылдары ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде сарапшы қызметін атқарды.

2009-2011 жылдары-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы басқармасының сарапшысы; бас сарапшысы.

2011-2015 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2015-2017 жылдары-ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаменті директорының орынбасары.

2017-2018 жылдары-ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық Қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары.

2018 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық Қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болды.

Өзгелердің жаңалығы