Дәурен Абаев Татарстан президентімен кездесті

21 Мамыр 2022, 01:11
1465
Бөлісу:
Дәурен Абаев Татарстан президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы Ресейде Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1100 жыл толады. Мерекелік іс – шаралар жыл бойы Ресей Федерациясының аймақтарында, олардың ішіндегі ең ірісі Татарстанда, соның ішінде «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2022» XIII халықаралық экономикалық саммиті аясында өтеді. 

Форумда және мерекелік іс-шараларда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық делегацияны Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев басқарады. 

Сапар аясында министр Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар туризм, мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылады. Рустам Минниханов Татарстан мен Қазақстан сияқты бауырлас халықты ортақ шығу тегі, біртұтас діні, тілі мен мәдениеттерінің жақындығы жақындастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Татарстанның жетекші шетелдік серіктестерінің бірі.

Дәурен Абаев өз тарапынан Рустам Миннихановқа іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Сізді Еділ Бұлғариясының исламды қабылдауының 1100 жылдығымен құттықтауға және осы күнге арналған барлық іс-шаралардың  жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіз. 922 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаудың тарихи қадамы татар халқының тарихына ғана емес, Ұлы Даланың бүкіл түркітілдес кеңістігіне де әсер етті, - деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев Татарстан президентімен кездесті

Министр бүгінгі таңда Қазақстан мен Татарстанның арасында тығыз мәдени-гуманитарлық және экономикалық байланыстар орнатылғанын, кең ауқымды мәселелер аясында ынтымақтастық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы