Дәурен Абаев спорт саласындағы былтырғы жылдың басты оқиғасын айтты

2 Наурыз 2022, 11:55
1010
Бөлісу:
Дәурен Абаев спорт саласындағы былтырғы жылдың басты оқиғасын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары мен XVI жазғы Паралимпиада ойындары өткен жылдың ең басты оқиғалары болды.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері бойынша кеңейтілген алқа отырсында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Олимпиада нәтижесі көңіл көншітпейтіні туралы бұған дейін бірнеше рет айттық. Сонымен қатар Паралимпиадада 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алдық. Атырау, Ақмола және Жамбыл облыстарының спортшылары жоғары нәтиже қол жеткізді, - деді Мәдениет және спорт министрі.

Оның дерегінше, Спорт резервін үздіксіз даярлау үшін елімізде 545 спорттық ұйым жұмыс істейді. Онда 400 мыңнан астам спортшы шұғылданады.

Олардың ішінде 481 балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі, 386 мың бала мен жасөспірімді қамтитын мамандандырылған мектеп бар. Сондай-ақ, 25 облыстық және 1 республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді. Олардың контингенті 5 844 спортшыны құрап отыр, - деді Абаев Спорт және дене шынықтыру істері бойынша кеңейтілген алқа отырсында. 

Өзгелердің жаңалығы