Дәурен Абаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмысымен танысты

19 Қаңтар 2022, 20:31
1375
Бөлісу:
Дәурен Абаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Kazakh Tourism ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Сонымен қатар кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысты. Бұл т ралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

Іс-шара барысында компания төрағасы Талғат Аманбаев ұйым жұмысының негізгі бағыты, туризм саласын дамытудың аспектілері және болашақ жоспарлары туралы толығырақ айтып берді.

Кездесуде Дәурен Абаев еліміздің рекреациялық, туристік әлеуетін арттыру ісінде компанияға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Біздің мақсатымыз – әлемге Қазақстанның көрікті жерлерін ғана көрсету емес екендігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар біз халықаралық инвесторлармен ынтымақтасуға, инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан туралы толығырақ білгісі келетін барлық адамдар үшін тиісті жағдай жасайтын, өз міндеттемелерін қатаң орындауға дайын ашық мемлекетті ұсынуға тиіспіз. Бұл ел экономикасына туристік саланың үлесін арттыруға және оның шетелдегі оң имиджін нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр бүгінде мемлекет туристік бағыттардың инфрақұрылымын сапалы жаңартуға елеулі инвестициялар салып жатқанын, елге туристерді тарту үшін, Қазақстанның туристік саласын дамытуға қаражат салуға дайын инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсынылып отырғанын айтты.

Сөз соңында Дәурен Абаев туризм саласы мен Kazakh Tourism компаниясының алдында тұрған бірқатар міндетті атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы