Дәурен Абаев: Былтыр 162 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысты

2 Наурыз 2022, 11:26
1273
Бөлісу:
Дәурен Абаев: Былтыр 162 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері бойынша кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.

Құрметті әріптестер! Өздеріңіз білетіндей, жетекшілік ететін салаларымыз бойынша алқа мәжілісін биыл жеке-жеке өткізіп жатырмыз. Бұл мәселелерді жан-жақты талқылауға және шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді деп санаймыз, – деді Абаев.

Министр  ведомстваның 2021 жылғы ең негізгі жұмысына қысқаша тоқталды.

Былтыр спорт секцилары жан басына шаққанда  қаржыландыру институты енгізілді. Мұндай мемлекеттік іс-шара елімізде алғашқы рет қабылданды. Соның арқасында өткен жылы 162 мыңнан астам бала мен жасөспірімдер спорт секцияларына тегін қатысты. Республика бойынша спорт секциаларына бөлінген қаржы 6 млрд теңгеден асты. Сонымен бірге мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық дәрістер жүргізген үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Дене-шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп пен колледж қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті, - деді Мәдениет және спорт министрі. 

Өзгелердің жаңалығы