Даулы мәселелерді құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шешуіміз қажет – Президент

21 Шілде 2022, 12:00
1331
Бөлісу:
Даулы мәселелерді құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шешуіміз қажет – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде мәлімдеді. 

Біз, мемлекеттердің көшбасшылары өңірлерде әлі сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиістіміз. Мемлекетаралық шекарадағы әр атылған оқ қамтылған елдерде ғана емес, бүкіл өңірде ауыр дүмпуін қалдырады. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында біздің мемлекеттеріміз өркениетті, қарама-қайшылықтарды жеңіп шығуға жауапты екендерін анық көрсетуі тиіс, - деп атап өтті Президент. 

Айтуынша, шекара мәселесі өте маңызды.

Біз өз тәжірибемізден шекараны заңды тұрғыда рәсімдеу процесі айтарлықтай қиын әрі күрделі екенін білеміз. Даулы мәселелерді шешу шынайы көршілік рухтың нағыз бейбіт жолы және халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарын сыйлау арқылы ғана мүмкін болады. Оның басқа баламасы жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтуде. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы