Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары

16 Наурыз 2023, 17:49
750
Бөлісу:
Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары
PHOTO
Фото: КФ медиаорталығы

Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы с Ташкентке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы федерацияның медиа орталығы хабарлады.

Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары

Өзбекстан астанасында ОАЕКК басшысы бірқатар кездесу өткізді. ОАЕКК Бас хатшысы Сатыбалды Дәулеталин әріптесі, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратилла Рафиковпен Кеңес отырысының алдағы күн тәртібін, сондай-ақ Ұлттық кәсіподақ орталықтары – Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесі мүшелерінің бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары

Сатыбалды Дәулеталин Орталық Азия мемлекеттерінде еңбеккерлердің мүддесін алға бастыру кеңес мүшелерінің алдында тұрған өзекті міндет болып қала беретінін атап өтті.

Әлемдегі геосаяси және экономикалық жағдай әлеуметтік-еңбек қатынастарына және жалпы еңбек нарығына ықпал ететіні сөзсіз. Біздің елдеріміз белгілі бір күрделі жағдайларға тап болып отыр. Барлық еңбеккердің әл-ауқаты мен өркениетті еңбек қатынастарының тағдыры осы сын-тегеуріндерді еңсеруге байланысты. Сондықтан Орталық Азия елдерінің ұлттық кәсіподақ орталықтарының алдында тұрған маңызды міндет – Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының V конгресінде қабылданған Жаңа қоғамдық келісім арқылы адам құқықтарын жан-жақты қорғау және олардың мүдделерін тиімді көрсету. Біздің кеңес аясында бірлескен шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жоспары әзірленді. Орталық Азиядағы кәсіподақтардың мақсаты – аймақтағы барлық еңбеккерлер үшін әділ еңбек қатынастары, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары

Өз кезегінде Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратилла Рафиков халықаралық еңбек стандарттарын алға бастыру үшін әлеуметтік әріптестермен тығыз қарым-қатынасты дамытуда ортақ тәсілдерді жүзеге асыруға өз елінің кәсіподақтар қозғалысының бейілділігін ерекше атап өтті.

Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесі аясындағы бірлескен іс-шараларымыз лайықты еңбек стандарттары мен әлеуметтік әділдікке ұмтылуда, еңбек көші-қоны мәселелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі ортақ мәселелерді шешуде ынтымақты нығайтады, - деді Кудратилла Рафиков.

Кездесу барысында ОАЕКК аппаратының басшысы Бауыржан Ахметулин Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің ресми сайтының жобасымен таныстырды.

Дәулеталин: Басты мақсат - әділ еңбек қатынастары

Жұмыс сапары аясында ОАЕКК Бас хатшысы – ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ташкенттегі қайта жөндеуден кейін есігін айқара ашқан Кәсіподақтар сарайының қызметімен танысты.

Биыл мамыр айында Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымы мен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы өкілдерінің қатысуымен ОАЕКК мүшелерінің Субаймақтық форумы өтеді. Оның аясында Орталық Азиядағы жұмысшы жастардың мәселелерін қарастыратын бірінші Жастар форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы