Рүстем Биғари: IТ-мамандықтар ғана емес, дата-аналитиктер мен журналистер сұранысқа ие

27 Қараша 2019, 18:45
2472
Бөлісу:
Рүстем Биғари: IТ-мамандықтар ғана емес, дата-аналитиктер мен журналистер сұранысқа ие

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау бойынша жаңа ережелер мен жаңа талаптар енгізбекші. 

Үміткерлерді іріктеу жүйесін цифрландырудың нәтижесінде одан сайын ашық әрі транспарентті етпекшіміз. Мәселен, бүгінде конкурс алты кезеңнен тұрса, біз оны үш кезеңге қысқартамыз. Және де жоғары оқу орындарын рейтинг бойынша емес, нақты мамандыққа сәйкес таңдайтын болады. Балл жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Үміткерлердің орташа баллы әлдеқайда өскенін байқадық. Қазір 3,3 GPA талап етілсе, келесі жылы бұл межені 3,5 GPA деңгейіне көтеруді жоспарлап отырмыз, - деді баспасөз-конференциясы барысында Рүстем Биғари.

Қазақстанда шын мәнінде сұранысқа ие мамандықтарды таңдаған үміткерлерге басымдық берілетін болады.

Соңғы жылдары өз еліміздің оқу орындары жоғары деңгейде дайындап шығаратын қаржыгер және заңгер сияқты мамандықтарды жиі таңдайды. Алайда, бұл мамандықтар өзімізде де бәсекеге қабілетті. Отандық университеттер де сапалы оқытады. Еңбек нарығы жүргізген анализге сүйенсек, бүгінде тек IТ-мамандықтар ғана емес, дата-аналитиктер мен журналистер сұранысқа ие. Тілшілер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады. Бір және бір жарым жылдық қысқамерзімді курстарда оқып, біліктіліктеріңізді арттыра аласыздар, - деп мәлімдеді вице-министр.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап журналистер CNN, BBC және Apple сияқты беделді компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болмақ.

Өзгелердің жаңалығы