Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Он жеті жасар футболшы австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуде көзге түсті. Ойын ағылшын командасының маусымалды турнесі аясында Сиднейде өтіп жатыр.
Сәтпаев алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты. Қазақстандық ойыншы үшін бұл матч «Челсидің» негізгі құрамындағы алғашқы ашық ойын болды. Бұған дейін ол лондондық клубтың «Кроули Таун» мен «Бромлиге» қарсы жабық бақылау кездесулеріне екінші таймда қосылған еді.
«Вестерн Сидней Уондерерспен» өткен ойын «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның басшылығымен өткен алғашқы ашық матчы болды. Қазақстандық форвард маусымалды турне кезінде 36-шы нөмірде өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, алматылық «Қайраттың» түлегі «Челсиге» ауысқаны бұған дейін хабарланған болатын. 2026 жылдың жазында Сәтпаев ағылшын клубына қосылып, негізгі командамен жаттығуды бастады.
Сәтпаев – Қазақстан құрамасы тарихындағы ресми матчтарда гол соққан ең жас ойыншы. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың қатарына кіреді.
Сондай-ақ, Дастан Сәтбаев «Челсиде» 36-нөмірмен өнер көрсететіні хабарланған.