Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15,74 метр нәтижесімен ядро итеруде үшінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1200-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетеді.
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы паралимпиадаға жолдама алады.