Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дарынды фотограф, танымал орнитолог, режиссер Олег Белялов қайтыс болды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
Ол - табиғат сұлу суреттелген керемет фильмдердің авторы болды, Қазақ жеріндегі көптеген құстың сирек кездесетін және жарқын суреттерін түсірді. Бала кезінен Олег Іле Алатауының айналасындағы әсем табиғатқа және Қазақстанның шөлді пейзажына деген сүйіспеншілігін әкесінің шебер бейнелеген фильмдерінен көре алды. Оның тәлімгерлері - атақты орнитолог Анатолий Ковшар және О.Беляловтың әкесі, талантты оператор Вячеслав Алиевич Белялов болды. Бұған қоса, Олег Белялов альпинист болды; барлық жерде құстарды бақылап, суретке түсірді. Далалық зоологиялық зерттеулердің әдістемесін жетік меңгерген ол бұл бақылаулардың нәтижелерін бағып қана қоймай, әрдайым дәл жаза білді, кейін оның жұмыстары ғылыми жарияланымдарда пайда болып, ол ұсынған ақпараттың дәлдігі әрдайым ерекшеленіп тұрды. Уақыт өте келе Олег Белялов оларға кәсіби талдау жасай бастады, - делінген хабарламада.
Ол – "Новые данные по редким птицам Бухтарминской долины (Южный Алтай)" (1999), "Орнитологическая экскурсия в горы Улытау" (2006), "Орнитологические наблюдения на Мангышлаке и Устюрте" (2008) және т.с.с. 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Сонымен қатар, Олег Белялов Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында толықметражды деректі үш фильм түсірді: "Алтын Емел" (2017); "Қызғалдақтардың отанында", (2018), "Алатау", (2018).
2018 жылы ол "Деректі фильмнің үздік режиссері" номинациясы бойынша Қазақстан Кинематографистер одағы "Құлагер" сыйлығының лауреаты, ал "Қазақфильм" киностудиясында жылдың үздік режиссері атанды.
Олег Беляловтың ерекше еңбегі – ол Қазақстанды, Қазақстан табиғатын шетелде танымал етумен айналысты.
Қазақстанның орнитологиясы мен кинематографиясы ауыр қайғыға ұшырады... Олег Вячеславович Беляловтың отбасы мен туыстарына, әріптестері мен достарына қайғырып көңіл айтамыз, - деп хабарлады министрлік.