Дәрігерлер қант диабетіне шалдықтыратын тағамдарды атады
2 Мамыр, 18:15 853

Дәрігерлер қант диабетіне шалдықтыратын тағамдарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер қандағы қант деңгейін бірден көтеретін тағамдарды атады. Белгілі болғандай, жоғары гликемиялық индекске ие тамақты жеу зат алмасудың бұзылуына әкеледі деп хабарлайды Lenta.ru. 

Сонымен қатар ондай тағамдар қарынды аштырып, майдың жиналуын белсендіреді. Гликемиялық индексі жоғары тамақты жеу екінші деңгейлі қант диабетіне шалдықтырады. 

Ондай тағамдардың қатарына тәттілер, бидай ұнынан пісірілген бәліштер, картоп, күріш, кеспе, газдалған сусын, сондай-ақ жылдам дайындалатын ботқалар жатады. Одан басқа, бұл қатарға сәбіз, қауын мен қарбыз сынды жеміс-жидектерді де қосуға болады. 

Сондай-ақ диетологтар артық салмақ жинамас үшін таңғы асты дұрыстап ішуге кеңес береді. Оянған соң бірден бір стақан су ішкен абзал деп отыр. Су метаболизмді іске қосып, тамақ ішпеген бірнеше сағат ішінде организмдегі сұйықтықтың мөлшерін қалпына келтіруге көмектесіп, тамақ ішуге асқазан сөлін бөлуге жол ашады.   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...