Дәрігерлер бір уақытта жүрек пен асқазанға күрделі ота жасады

22 Қараша 2022, 10:36
930
Бөлісу:
Дәрігерлер бір уақытта жүрек пен асқазанға күрделі ота жасады

Павлодар облысының дәрігерлері жүрек пен асқазанға екі күрделі операцияны бір уақытта жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар Кардиоорталығының хирургтары жүрек пен асқазанға операция қажет болған ауыр жағдайдағы пациентке тап болды. 

Науқас кардиологтың ұсынысы бойынша Кардиологиялық орталыққа жоспарлы коронарография (КАГ) жүргізу үшін түскен. Зерттеу нәтижелері бойынша коронарлық арнаның көп тамырлы зақымдануы анықталып, өмірлік көрсеткіштер бойынша ашық жүрекке операция жасау ұсынылды. 

Дегенмен, операцияға дайындық барысында қосымша тексеру кезінде қолқа қақпақшасының патологиясы және асқазанның қатерлі түзілуі анықталған. Биопсия асқазанның қатерлі ісігін растады. 

Барлығы шұғыл түрде жүрекке де, асқазанға да операция жасау керек екенін түсінді. Әрбір операцияны бөлек жасау науқас үшін физикалық және психикалық тұрғыдан өте ауыр. Әр операциядан кейін оңалту уақыты қажет, яғнт сәтті өту мүмкіндігі азаяды. Қиын жағдайды ескере отырып, кардиохирургтер Павлодар онкодиспансерінің онкологиялық дәрігерлерімен бірлесіп консилиум өткізді. Барлық тәуекелдерді бағалай отырып, кардиохирургтар мен онкологтар бригадалары бір уақытта бір жалпы анестезияда бірнеше хирургиялық араласулар жасау туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

2022 жылғы 15 қарашада Алмас Антикеевтің басшылығымен кардиохирургтар бригадасы қолқа қақпағын протездеу және коронарлық артерияны айналып өту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Ульфат Борамбаевтың басшылығымен онкологтар тобы Гофмейтер-Финстерер модификациясында Билрот 2 бойынша асқазанның лапароскопиялық субтотальды резекциясын жүргізді. 

Ота нәтижесінде науқастың асқазанындағы ісік толығымен алынып, кардиохирургиялық ем – шунттау және клапан патологиясын түзету жасалды. Науқас қазірдің өзінде бөлімшеге ауыстырылып, өзін жақсы сезінуде, - дейді дәрігерлер. 

Айта кетері, жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС есебінен толық көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы