Дәрігерлер 44 күн бойы шала туған нәрестені аман алып қалды

Бөлісу:
Дәрігерлер 44 күн бойы шала туған нәрестені аман алып қалды
Фото: Алматы қаласының №2 қалалық перинаталды орталығы

Алматы қаласының №2 қалалық перинаталды орталығында дәрігерлер 29 апта мерзімінде туылған нәрестенің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның салмағы бар-жоғы – 960 грамм, ал бойы 37 см болды.

Директордың неонатальді қызметі жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбастың айтуынша, ұл бала шұғыл кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.

 Операция плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуіне және баланың өміріне қауіп төндіруіне байланысты қажет болды. Туғаннан кейін нәрестенің қалпы бірден Aпгар шкаласы бойынша бағаланып, 1/3 балл болды. Жағдай өте қиын болды және бұл оның өмірі үшін күрес басталды дегенді білдірді. Бала бірден жаңа туылған нәрестелердің реанимация бөліміне ауыстырылды, онда оған тыныс алу үшін аппараттық қолдау қамтамасыз етілді, өкпені ашу үшін сурфактант енгізілді, бактерияға қарсы терапия жүргізіп, зонд арқылы қуаттандыруды басталды. Дәрігер-реаниматологтармен медбикелер командасы тәулік бойы қарап, оған күш алуға көмектесті. Жетінші тәулікте, жағдай тұрақтанған соң, бала қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Ал төрт күннен кейін анасымен бірге болу палатасына ауыстырылды, - деді Айнұрым Сарбас.

44 күн қыңырлықпен күрескеннен кейін, ол 2000 грамм салмағымен үйіне шығарылды.

 Балам кішкентай және әлсіз болып дүниеге келген кезде мен бастан өткерген қорқынышымды ешқашан ұмытпаймын. Бірақ орталықтың дәрігерлері маған үмітімді үзуге рұқсат бермеді. Олар менің баламның өмір сүруі үшін, маған қолдау көрсету үшін бәрін жасады, әр емдеу кезеңін түсіндірді. Сіздердің жұмыстарыңызға, күтімдеріңізге, барлық жақсы сөздеріңізге алғысым шексіз! Сіздердің арқаларыңызда менің баламның болашағы бар. Әрқайсыңызға тағзым етемін!, - деп баланың анасы алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы