Дәрігерлер 22 жастағы жігіттің жұлынып кеткен қолын аман алып қалды

31 Қаңтар 2023, 16:14
3902
Бөлісу:
Дәрігерлер  22 жастағы жігіттің жұлынып кеткен қолын аман алып қалды

№ 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері жас жігіттің қолын қайта тігіп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 қаңтарда пациент шұғыл түрде ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Жас жігіттің оң қолы іс жүзінде жоғарғы иық деңгейінде бөлініп қалған. Операцияны екі бригада 2 кезеңде жүргізді. 

Бірінші кезеңде ангиохирургтар қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тікті, екінші кезеңдерде травматологтар бұлшықеттерді, нервтерді, сіңірлер мен сүйектерді тікті. 

Операция шамамен бес сағатқа созылды. Біз әрқашан барлық ағзаларды мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Операция кезінде тамыр-нерв байламына толық ревизия жасау керек болды, қолы толық жұлынып кеткендіктен барлық бұлшықеттер тігілді. Бастапқыда қолды сақтап қалу және оның функциясын қалпына келтіру мүмкіндігі аз болды. Біз оның сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз, - деп бөлісті дәрігер-ангиохирург Дастан Сабырұлы. 

Қазір пациент оңалту курсынан өтіп жатыр, дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруге белсенді қатысуды жалғастыруда, консультациялар және әртүрлі әдістерді қолдану бойынша ұсынымдар береді.

Біз операцияны оңалту әлдеқайда жылдам болатындай етіп жасай алдық. Қолы тәуір болып кетті, қазіргі уақытта жігітті ештеңе мазаламайды, - деді травматолог дәрігер Әлімжан Дүйсенбаев.

Өзгелердің жаңалығы