Дәрігер ұйқысыздыққа әкелетін өнімдерді атады

22 Желтоқсан 2020, 04:54
3692
Бөлісу:
Дәрігер ұйқысыздыққа әкелетін өнімдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйқының сапасына әсер ететін өнімдер аталды. Дәрігер Елена Малышева ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрген адамдарға, ең алдымен, алкогольден бас тартуға кеңес берді.

Сондай-ақ, кофе де ұйқы режиміне кері әсерін тигізеді.

Біріншіден, ол әлсіз психостимулятор, екіншіден, несеп айдайғыш болып табылады. Сіз ұйықтап, қайта ояна бересіз. Өйткені 20 минут сайын дәретханаға барғыңыз келеді, - деді ол бағдарлама барысында. 
Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды.
Егер ұйқыңыз бұзылса, тағам мәзіріне ден қойыңыз, - деді дәрігер.

Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн.

Өзгелердің жаңалығы